$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Францияда зейнет жасы ресми түрде ұлғайтылды

AstanaTV
15.04.2023ж. 22:58
1438
Францияда зейнет жасы ресми түрде ұлғайтылды

Франция президенті Эммануэль Макрон зейнеткерлік жасты 64-қа дейін ұлғайтатын зейнеткерлік реформа жөнінде заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Францияда қаңтар айында зейнеткерлік реформаның жаңа жобасы ұсынылды. Онда зейнет жасын 62-ден 64-ке ұлғайту жөнінде мәселе қарастырылған. Бұдан бөлек арнайы зейнеткерлік режімдерді алып тастау да ұсынылған.

16 наурызда Франция Үкіметі зейнеткерлік реформаны қабылдады.

Аталған жоба қолға алынады дегеннен Франция халқы бұны қолдамады. Салдарынан елде оншақты митинг пен ереуілдер өткізілді.

Наурыз айының соңында Франция зейнеткерлік реформаға қарсы ереуілдерді басуға 13 мың полицейді жіберді. Митингке шыққандар Макронның сүйікті мейрамханасын өртеді. Сондай-ақ шерулерге байланысты электр энергиясы өндірісінің 16%-ы кешеуілдеді.

Соңғы митингте 100 адам тұтқындалды. Дәл сол күні Конституциялық кеңес зейнеткерлік реформаны тексерістен өткізді. Кейіннен кеңес реформаны заңды деп танып, зейнет жасын 64-ке дейін ұлғайтуды бекітті.

Заң қабылдануы үшін президенттің қол қоюы керек еді.