$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Жасөспірім жылдам дайындалатын кеспе үшін ағасына пышақ сұғып, өлтірді

AstanaTV
16.04.2023ж. 07:09
921
Жасөспірім жылдам дайындалатын кеспе үшін ағасына пышақ сұғып, өлтірді

Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясында жасөспірім тез дайындалатын кеспе үшін ағасын пышақтап өлтірді деп хабарлайды Stan.kz Straits Times басылымына сілтеме жасап.

15 жасар индонезиялық жасөспірім дүкеннен тіскебасарға кеспе сатып алған. Үйіне әкелген соң, ас үйде пияз бен шпинатты дайындай бастайды.

Оның 27 жастағы ағасы інісінің тек бір қорап кеспе алғанына ашуланып, оны бетінен ұрып жіберген. Осы сәтте інісі жауап ретінде оның асқазанына пышақ сұғып алған.

Туыстары жәбірленушіні дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенімен ол дүниеден өтті.

Полицейлер жасөспірімді ұстап, оның ағасына сұққан пышақты тәркілеген.

Бір қызығы ол  артық қылығы жоқ тыныш бала болған. Оқиға болған ауыл басшысының айтуынша, ағайындылардың арасында бұрын мүлде жанжал болмаған.