$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Сейтқазы Матаев соттан сөз сұрап отыр

AstanaTV
21.09.2016ж. 20:00
3204
Сейтқазы Матаев соттан сөз сұрап отыр

Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа байланысты сот процесін түсіруге келген бейнекамералардың барлығы бүгін сот залынан шығарылды. Журналистер сот отырысының жалғасын бейнетрансляция арқылы бөлек бөлмеден бақылауға мәжбүр болды. Судья Сейтқазы мен Әсет Матаевтар және адвокаттың бейнекамераларды залда қалдыру өтінішін ескерген жоқ. Жәбірленуші тарап болса сотқа журналистердің қатысуына қарсы емес еді. Дегенмен судья Ақболат Құрмантаев, сотқа қатысушылардың құқықтары шектелген жоқ, деген пікірде.

Сейтқазы Матаев бүгін сондай-ақ судьядан сөз сұрады. Жоспар бойынша бүгін ол өзіне тағылған айыптар бойынша жауап беруі тиіс-тін. Алайда сот бүгін де іс материалдарымен танысуын жалғастырды.

-Я подготовился. - Подсудимый Матаев, я вам ничего не обещал. Я у вас не в друзьях, чтобы что-то вам обещать.

Мадина Бакиева, С. Матаевтың адвокаты:

Қазір қылмыстық процесс соңына жақындап қалды. Алайда, біздің ойымызша, сот, біздің бірде-бір шағымымызды қабылдамай, негізсіз, заңсыз кері қайтарып тастады. Тәуелсіз сарапшылардың зерттеулері Матаевтардың іс-әрекетінен қылмыстық негіз тапқан жоқ. Біз прокурорлардың ұсынған айыптауларын негізсіз деп танып, істі тоқтату жөнінде шағымданамыз.

Еске салайық, жыл басында Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа алаяқтық жолмен аса ірі көлемде қаражат жымқырды және салықтан жалтарды деген айыптар тағылған. Ақпанда Алматыдағы Медеу аудандық сотының шешімімен Сейітқазы Матаев, ал наурызда Әсет Матаев үй қамаққа алынды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ