$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Павлодар облысында жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың оқушысы соққыға жығылды

AstanaTV
16.04.2023ж. 11:19
1018
Павлодар облысында жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың оқушысы соққыға жығылды

Павлодар облысында жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта қыздар арасында төбелес болып, тәрбиеленушілердің бірі соққыға жығылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін полицейлер анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнынан бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларға қарағанда, қыздар арасындағы жанжал оқушылардың жатын бөлмесінде басталған. Екі қыз бір тәрбиеленушіні төсектен еденге сүйреп апарып, ұра бастайды. Бірнеше оқушы араша түсіп, таяқ жеген қызды алып кетуге тырысады. Бірақ олар ұрып-соғуды жалғастырады, біреуі қолымен ұрады, ал екіншісі еденде жатып, күшпен тепкілейді.

Павлодар облысының білім басқармасында болған оқиғаға түсініктеме берілді. Аалған дерек бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары басталды.

«Шынында да, №2 арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері арасында төбелеске айналған ауызша жанжал болды. Кезекші тәрбиеші және басқа тәрбиеленушілер дереу қыздарды ажырата бастады. Төбелес кезінде кәмелетке толмағандар дене жарақатын алған жоқ», - деп түсіндірді ведомствода.

Сондай-ақ, білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізетінін, оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қарайтынын айтты.

«Бұл факт Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде тіркелген. Полиция тексеру жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.