$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу басталды

AstanaTV
16.04.2023ж. 11:43
871
Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу басталды
Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында қаладағы білім беру мектептерінің бірінің оқушылары құрдастарына дене жарақатын салған видео табылды.

Бейнежазбаға қарағанда, оқиға күндіз Шіркеу аялдамасының маңында болған. Полицияның мәліметінше, төбелес 10 сәуірде болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

"15 сәуірде бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы - "Бұзақылық "бойынша соталды тергеу басталды. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, заңды өкілдерімен бірге олар Полияция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары Жандарбек Ахметжанов.