$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Елімізде сүт безі обырына шалдыққандар көбейген

AstanaTV
16.04.2023ж. 18:26
953
Елімізде сүт безі обырына шалдыққандар көбейген

Қазір дәрігерлер алысып отырған бір дерт- сүт безінің обыры,-деп хабарлайды Хабар 24.

Мамандардың айтуынша, елдегі әйелдердің 40 пайыздан астамында осы ауру түрінің белгілері кездеседі.

Астанаға елдің әр түкпірінен жиылған 300-ге жуық дәрігер оның алдын алу жолдарын талқыға салды.

Жарылқасын Исмағамбетов – кәсіби дәрігер. Оның айтуынша қазір елде сүт безі обырына шалдыққандар көбейген. Дегенмен науқас уақытылы дәрігерге қаралса емі бар. Әсіресе жаңа үлгідегі ультрадыбыстық құрылғының қатерлі ісікті дер кезінде анықтауға және аурудың алдын алуда маңызы зор.

Жарылқасын Исмағамбетов, дәрігер:

- "Ресейден келген ғалымдар өздерінің білімдерімен бөлісіп отыр. Және де соңғы үлгідегі аппараттармен де бөлісіп отыр. Ультрадыбыстық зерттеудің де өзіндік ерекшелігі бар екен. Диагностика ретінде өте жақсы көмектесе алады екен".

Александр Зубарев, Ресейлік дәрігер:

- "Сүт безі обырына шалдыққандар саны тоқтаусыз көбеюде. Осы орайда қатерлі ісік ауруының ерте кезеңінде алдын алу бойынша үздіксіз жұмыстар жасап жатырмыз. Бүгінгі шараның да басты мақсаты осы".

Мамандардың айтуынша маммографияда сүт бездеріндегі қатерлі ісіктер бірден көрінбеуі мүмкін. Яғни, қатерлі ісіктер маммограммаларда ақ болып көрінеді. Соның салдарынан сүт безі обырын мүмкіндігінше ерте анықтау мен уақытылы емдеу қиындыққа соғады.

Айдос Закенұлы, ұйымдастырушы:

- "Бұл құрылғы сүт безінің тығыз тініндегі қатерлі ісіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл еліміз үшін, халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Сонымен қатар біз бүгінгі жиынға Ресейден осы саланы зерттеп жүрген білікті мамандарды тәжірибе алмасуға шақырдық".

Дәрігерлер жаңа құрылғының көмегімен қатерлі ісіктің алдын-ала анықтау мүмкіндігі 57 пайызға артады дейді. Яғни құрылғы жүйесі сүт безі қатерлі ісігінің өте кіші көлемдерін ерте анықтап, емдеуге болатын ісіктерді табуға көмектеседі. Нәтижесінде науқастардың 70 пайызы химиотерапиясыз да дертінен айығуы мүмкін.