$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Петропавлда халықаралық маңыздағы автожолды су басты

AstanaTV
16.04.2023ж. 20:57
888
Петропавлда халықаралық маңыздағы автожолды су басты

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, Петропавл маңында Есіл өзенінің су деңгейі бір тәулікте 27 см көтеріліп, 978 см жетті.

Қауіпті меже – 1 050 см. Су деңгейі осы көрсеткішке жеткен жағдайда Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін.

Қазір су осы кенттің жанынан өтетін халықаралық маңызы бар автомобиль жолын басты,-деп хабарлайды  NEGE.

«16 сәуір күні сағат 6:15-те Есіл өзенінің тасуына байланысты, «Челябі-Новосібір» М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Су басқан учаскенің ұзындығы – 80 метр, ені – 8 метр, биіктігі – 5 см. Бұл учаскені жылда су басады. Көліктердің учаскеден қауіпсіз өтуі үшін бұл жерде белгі бағаналары, айналып өту кестесі қойылды. Кезекшілік ұйымдастырылды», – деді СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, Сергеев су қоймасында су деңгейі төмендеп келеді. Бөгеттің ернеуінен асып төгілуі – 92 см. Сондай-ақ, өңірдегі шағын өзендерден де келер қауіп жоқ, су қайта бастады.