Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 14 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.
«Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 3 облыста (Ақмола, Қарағанды, Павлодар) ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, боран) жалпы ұзындығы 1652 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде немесе республикалық маршруттардың жалпы ұзындығының 6,6%-ында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.
«Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланды», - делінген хабарламада.