$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты – ТЖМ

AstanaTV
17.04.2023ж. 12:26
805
Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты – ТЖМ

Жаңаөзенде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде айтылды.

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды – ер адам, әйел және баланы аман алып шықты.

«Осылайша, қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан төрт адамды тірідей және қаза тапқан үш адамды алып шықты. Барлығы сегіз адам, соның ішінде құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендер ауруханаға жатқызылды», - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үйінділерді тазалау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция және еріктілер.

Еске салайық, бүгін таңертең Жаңаөзенде көппәтерлі үйде газ жарылып, соның салдарынан бір адам қаза тапқан болатын. Сондай-ақ 13 адамның зардап шеккені айтылды. Аталған дерекке қатысты жедел штаб құрылды.