$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Ақпанның 76-шы жұлдызы: Астана қар құрсауында қалды

17.04.2023ж. 20:00
1588
Ақпанның 76-шы жұлдызы: Астана қар құрсауында қалды

Сәуір болмай -тәуір болмас. Табиғатқа қатысты тіркесті Астанаға қалың жауған қар жоққа шығарды. Мамыражайды мамырдан күтесіңге келтірді. Құдды ақпанның 76-шы жұлдызы секілді. Көліктер оталмай, тұрғындар тізеден қар кешіп, қыстың қарбаласын көрді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Көшелер омбы қар. Кей жерлерде тізеден келеді. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Жұрт таңертең жұмысқа кешікті.

Тұрғындар автобус итерді. Көліктер кептелді. Салт атты екі жігіт жолға шықты, ал кейбіреуі алаңсыз шаңғы тепті.

Жолаушылар автобусты аялдамада сағаттап күтті. Кептеліс көп болмағанымен көліктердің жүруі қиындап кетті.

БЛИЦ:

- Жұмысқа кешігіп тұрғаныма 1,5 сағат болды. Почти 2 сағат болып қалады. Әлі тұрық ғой міне автобус жоқ. Жол енді ашып жатыр мінекей.

- Тізеге дейін қар қатты жауып қойған түні бойы жел соғып. Бізде закрыйтий дворда ешқандай машина шыға алмайды, кіре алмайды. Сол адамда өздері двордағы есіктің алдындағы жана шығып тазалап жатыр.

Қалың жауған қардың салдарынан 1 тәулікте 144 жол көлік оқиғасы тіркелді. Олардың барлығы жазғы дөңгелекпен жүрген.

Арман АЙТМАҒАМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жүргізушілерді мұқият болуға және көліктерді жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктердің қозғалысына немесе қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз.

Ерлан РЫСБЕКОВ, "АСТАНА ТАЗАЛЫҚ" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда бүкіл коммуналдық мекемелер күні бойы түні бойы жұмыс істеп жатыр. Бұл қарды біз осноавой магистралды бойынша 3 күннің ішінде жол береміз. Жалпы қар шығаруға 1 аптаның ішінде міндетті боламыз.

Ауа райының қолайсыздығынан Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кейінге қалдырылды. Сондай-ақ 1 және 2 курс студенттері мен мектеп оқушылары қашықтықтан оқытылуда. Ал, қазгидромет алдағы күндері ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болатынын мәлімдеді.