$523.86 €544.34 ₽5.11
×

"Жақын маңда балабақша, мектеп, балаларға арналған ойын алаңы жоқ"- қала тұрғыны

AstanaTV
17.04.2023ж. 20:00
1499
"Жақын маңда балабақша, мектеп, балаларға арналған ойын алаңы жоқ"- қала тұрғыны

"Көпқабатты тұрғын үй кешені салынбасын". Астаналық тұрғындар осылай деп шу көтерді. Олар судың қысымы азайып, күн көруіміз қиындап кетеді деп үрейленуде.

Бір біріне жапсарласа салынған бұл тұрғын үйлердің қасында мектеп жоқ. Соған қарамастан тағы үй салынбақ. Жұртшылық оған қарсымыз деп отыр. Орнына білім нысаны немесе саябақ салынса дейді. 

Ажар НҰРТАЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Көппәтерлі үйлердің соғылғанына қарап отыра алмаймыз. Қазірдің өзінде судың қысымы жоқ. Жаңа үйлер соғылса мүлдем сусыз қаламыз ғой. Айналамызда қаншама үй бар. Бірақ, жақын маңда балабақша, мектеп, балаларға арналған ойын алаңдары жоқ. 

Күнімкүл НАЙЗАБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Міне бір елшілік, мына жерге екінші елшілік салынбақ. Екеуінің арасына әп-әйдік қылып үй салып қойса не болады? Барлығы бұзылады. Мен айтамын, бұл жерге парк салсын. Сол паркта балалардың ойнайтын, шынығатын сондай жерлері болады. 

Жауаптылардың айтуынша, тұрғын үй кешені екі жыл бұрын салынуы керек болған. Бірақ, қалалық кеңесте мақұлданбаған. 

ҚАЛАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ: 

Тыныбаев және А14 қиылысындағы жердің нысаналы мақсатын "кіріктірілген үй-жайлары, балабақшасы, медициналық орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінен" "жалпы білім беретін мектепке" өзгерту бөлгіленді. 

Дегенмен, білім нысанының құрылысы қашан басталары белгісіз. 

С. Оралбеков