$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Қызылордалық жастар толғандырған мәселелерін ортаға салды

Қызылордалық жастар толғандырған мәселелерін ортаға салды

«Дипломмен ауылға» жобасының кемшін тұсы көп. Ал жас кәсіпкерлерге әлі қолдау аз. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновпен кездескен қызылордалық жастар осындай бірқатар мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, аймақта қолға алынып жатқан тың бастамаларды да айтты.

Наурызбай Орынбасаров 10 көпбалалы отбасының үйлі болуына мұрындық болған. Бұл тек бастамасы ғана дейді. Ол 180-нен астам жастың басын қосып, асар әдісімен үй салуда. Оған қажетті жер телімі жергілікті әкімдік тарапынан беріледі. Негізгі жұмысты еріктілер атқарады.

Наурызбай ОРЫНБАСАРОВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Құрылыс материалдары сатылып алынады. Бірақ ол жерде бір жағынан халықтың демеушілігі бар, кәсіпкерлердің демеушілігі бар. әрі ерікті жастардың арасында мысалы 100 кірпішін мен аламын, терезесін мен аламын. Есік жақтауларын мен аламын, электр жабдықтарын мен аламын деген сияқты өздері бөліп-бөліп алып, солай жасалады.

Бұл бастама өзге аймақтың жастарына да үлгі болуы керек деді Алтай Көлгінов. Кездесуге келгендер өздерін толғандырған мәселелерін де ортаға салды. «Дипломмен ауылға» жобасымен жастардың дер кезінде жұмысқа орналаса алмай жүргенін жеткізді.

Алтай КӨЛГІНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз министрлікке айтамыз. Жастар қандай кедергілерге тап болып жатыр екен. Соны жетілдірейік, себебі бізде ауылға жетпейтін мамандардың саны көп. Тек мұғалімдер, 3 жарым мыңнан астам мұғалім жетпейді. 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейді.

Аймақта жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен биыл 2 млрд теңге қаржы қаралған.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Жастарды тұрғын үймен қамту, оған облыстық бюджеттен 1,5 млрд қаржы және 500 млн Отбасы банкімен қаржы. Биыл 100-дің үстінде жастарымызды қамтимыз деп жоспарлапр отырмыз. Жастардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру мәселесіне де облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаражат қарадық.

Аймақ басшысы жас кәсіпкерлерді де қолдауға әзір екенін жеткізді. Сондықтан өңір экономикасы үшін тиімді инновациялық жобаларды жаңғыртуға шақырды.