Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мәжіліс депутаты олимпиада жүлдегерлері мен паралимпиада жеңімпаздарының сыйақысын теңестіруді сұрады

AstanaTV
21.09.2016ж. 20:00
2004
Мәжіліс депутаты олимпиада жүлдегерлері мен паралимпиада жеңімпаздарының сыйақысын теңестіруді сұрады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев олимпиада жүлдегерлері мен паралимпиадалық ойындарға қатысқан спортшылардың сыйақыларын теңестіруді сұрады. Мәжілісменнің айтуынша, әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістігі дені сау спортшылардың жеңісінен жоғары бағаланады. Ал бізде бәрі керісінше. Депутаттың айтуынша, Риодағы паралимпиадада мүгедектер дені сау спортшыларға қарағанда 5 есе төмен сыйақы алған.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі:

Қазақстандық паралимпиада жеңімпаздары асқан батылдық көрсете отырып, қарсыластарынан озып келіп, өз елінде бағаланбай отыр. Біздің ойымызша, мемлекет барлық азаматтарының, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спорттық жетістіктерін тең дәрежеде бағалау керек. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ