$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Шымкентте 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алынды

AstanaTV
18.04.2023ж. 09:13
916
Шымкентте 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алынды

Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты. Бас ауруына шағымданған оқушыға "Асар" шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ота жасады. Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ота екі сағатқа созылған. Отадан кейін науқас бала екі тәулік реанимацияда жатып, кейін жалпы палатаға шығарылған. Дәрігерлер бас миынан құрт табылған баланың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.

"Сәуірде 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Баланың диагнозы МРТ арқылы анықталған. Науқастың басы ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды",- деді Шымкент клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохиругі Самат Көкшікбаев.

Отадан кейін бір аптаға жуық ауруханада жатқан науқасты дәрігерлер үйіне шығарды. Қазір мектеп оқушысы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлердің сөзінше, бас миындағы эхинококк құрты - сирек кездесетін жағдай. Көбіне мұндай құрт тәріздес киста бауыр мен өкпеде кездеседі екен.