Қытайдың шығысында Чжэцзян провинциясындағы өнеркәсіп нысандарының бірінде болған өрттен кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Қытай Орталық телеарнасының мәліметінше, өрт дүйсенбі күні Цзиньхуа қаласына қарасты Уи уездінде болды.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, медицина бригадалары мен полиция шұғыл жеткен. Жергілікті билік құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде.