$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтау теңіз портының тарифі шетелдік валютаға байлануы мүмкін

AstanaTV
22.09.2016ж. 20:00
2650
Ақтау теңіз портының тарифі шетелдік валютаға байлануы мүмкін

Қазақстан Әзірбайжаннан Баку теңіз портының тарифін төмендетуді сұрайды. Мұндай ұсыныс Астанада өткен Қазақстан мен Әзірбайжанның экономикалық серіктекстік бойынша үкіметаралық комиссияның он үшінші отырысында айтылды.

Қазіргі таңда Ақтау мен Баку кемежайларының тарифі тең болмай тұр. Оған себеп, Әзірбайжан қызметтерді тұрақты валютаға байлаған. Ал біздің ұлттық валютаның долларға шаққанда құнсыздануының салдарынан тарифтер әлдеқайда төмен. Алайда Баку теңіз портының өкілдері тарифті төмендеткісі жоқ. Керісінше, қызметтерді тұрақты валютамен есептесуді жөн көреді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Біздің заңға сәйкес, Ақтауда теңіз портының барлық төлемдері теңгемен алынады. Ал Әзірбайжанда тұрақты валюта. Теңге бағамының өзгеруінен кейін долларға шаққанда біздің тариф, әрине, төмен болып қалды. Сондықтан заңды өзгертіп, теңестіру керек. Мен бұл мәселені өз бақылауыма аламын.

Ал Әзірбайжан делегациясы Қазақстаннан азаматтарының визасыз елде болу мерзімін ұзартуды сұрайды. Қазір қазақстандықтар Әзірбайжанда визасыз 90 күнге дейін жүрсе, Әзірбайжан азаматтарының біздің елде тіркеусіз жүру мерзімі - 30 күн. Алайда ол үшін Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің келісімі қажет.