Бейжің ауруханасындағы өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытай орталық телеарнасының (CCTV) хабарлауынша, өрт 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінің шығыс қанатынан шыққан.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді. 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.
71 науқас эвакуацияланды. 21 адам қайтыс болған.