Астана әкімдігі құрылысының бастапқы сатысында тұрған және үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.
Нысандардың тізімі мына сілтемеде.
"Астана әкімдігі азаматтардан қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн екенін еске салады", - делінген хабарламада.