Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Бизнесті дамыту жөніндегі жиын өтті

AstanaTV
22.09.2016ж. 20:00
3127
Бизнесті дамыту жөніндегі жиын өтті

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге берілетін банк пайыздарын азайту керек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында партия жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.  Кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы есеп берді. Қоғамдық кеңес мүшелері орта бизнесті дамытуға арналған бағдарламаның егжей-тегжейін талқылап, аумағын кеңейту керек деген шешімге келді. Болашақта әр аймақта өндіріс орындарын салу жоспарланып отыр.

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Промзоналарға кәсіпкерлер өздерінің кәсіптерін ашып, жағдайларын жасауға мүмкіндік жасау керек. Банктан алып жатқан несиелердің пайызы жоғары болып тұр бүгінгі кезде. Сол пайыздарды үкімет жағынан көбейту көмекті.

Қоғамдық кеңес мүшелері бірнеше ұсыныстар мен талаптарын да жеткізді. Атап айтқанда, қаражатты орта бизнес пен тұрақты компанияларға беріп қана қоймай, дағдарыс кезінде оңала алмай қалған кәсіпкерлерге де көмектесу керек деген ұсыныс айтылды. Экономикалық қиындықтарды ескере отырып, 3 ай қатарынан ақшасын төлей алмаған компанияларды тізімнен сызып тастауды доғару керек, деді. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын ауылдық жерлерге насихаттап, берілетін субсидияның пайызын көбейту туралы да сөз болды. 

Айгүл Соловьева, қоғамдық кеңестің мүшесі:

Бізде 1 млн 200 бизнес мекемелері бар. 200 мыңнан көп фермерлік шаруашылық бар. Сол үшін мына ауқым өте кішкентай. 10 пайызға да жатпайды.