$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қасқырды шынжырмен сабап өлтірген: полиция видео "кейіпкерін" тапты

AstanaTV
19.04.2023ж. 17:51
906
Қасқырды шынжырмен сабап өлтірген: полиция видео "кейіпкерін" тапты

Ақтөбе облысының полицейлері қасқырды шынжырмен сабап өлтірген ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлер әлеуметтік желідегі мониторинг барысында ер адамның қасқырды шынжырмен ұрып жатқаны түсірілген видеоны тапқанын хабарлады.

Ырғыз аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері бұл видеоға қатысушы 37 жастағы тұрғынды анықтады. Ұсталған ер адам қасқыр малына шабуыл жасамақ болғанын, сондықтан малын қорғау үшін мотоциклмен жыртқышты қуып жетіп, шынжырмен ұрғанын түсіндірді. Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігі соталды тергеу басталған.