$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Жыл басынан бері шекараны 4,5 мыңға жуық адам заңсыз кесіп өтпек болған

AstanaTV
20.04.2023ж. 13:19
1434
Жыл басынан бері шекараны 4,5 мыңға жуық адам заңсыз кесіп өтпек болған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында жыл басынан бері шекараны 4,5 мыңға жуық адам заңсыз кесіп өтпек болғанын айтты.

«Биылғы І тоқсанда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 4,5 мыңға жуық адам ұсталды. Бұл бүкіл шекара қызметі бойынша жинақталған мәлімет. Олардың шекараны бұзу әрекеттері түрлі сипатта болды. Оның ішінде біздің елге кірмек болғандар да, бізден шығып кетпек болғандар да бар. Шекарамызға заңсыз өту әрекеттері негізінен көршілес мемлекеттерден тіркелді. Ауғанстан, Сирия мемлекеттерінен өтпек болғандар жоқ. Пәкістаннан бір адам болды. Мұндай тұлғалар Қазақстан аумағын әдетте транзит ретінде, Еуропа елдеріне шығу үшін пайдаланады. Олардың бәрінің үстінен қылмыстық іс қозғап, анықтаймыз да, экстрадициялаймыз», - деді Ерлан Алдажұманов.