Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтөбеде жеке үй өртеніп, екі бала қаза тапты

21.04.2023ж. 20:00
1105
Ақтөбеде жеке үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Ақтөбеде тұрғын үй өртеніп, екі бала қаза тапты. Ұйықтап жатқан тоғыз жастағы ер бала мен үш жастағы қызға иіс тиген. Олардың әжесі жансақтау бөлімінде жатыр. Өрт таңғы төрттің кезінде тұтанған. Әуелі кіре берісті, онан кейін ас бөлмесін қызыл жалын шарпыған. Үйде сол сәтте бес адам болған. Барлығы қалың ұйқыда жатқан көрінеді. Өртті көршілер байқап, құтқарушыларды шақырыпты. Бірақ екі баланы құтқару мүмкін болмады. Ал анасы мен атасын дәрігерлер қарап, үйге жіберген.

Сәкен ҚАПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

69 жастағы әйел шұғыл түрде жеткізілді. Көмірқышқыл газымен уланған. Жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Есі бар, тұрақты.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау тоқтың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін.

Айбат ЖАҢАБЕРГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Шақырту орнына барған кезде өрт сөндірушілер үйдің ас бөлмесі мен кіре беріс өртеніп жатқаны анықталып отыр. Өрттің шығу себебі қазіргі таңда анықталуда.