Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда Ақсу ауылдық аймағында салынып жатқан сүт фермасының құрылысы тоқтатылды

21.04.2023ж. 20:00
1012
Павлодарда Ақсу ауылдық аймағында салынып жатқан сүт фермасының құрылысы тоқтатылды

Павлодарда Ақсу ауылдық аймағында салынып жатқан сүт фермасының құрылысы тоқтатылды. Естеріңізге салайық, бұған дейін Қаракөл және Ребровка ауылдарының жайылымдық жерін жеке кәсіпкердің иемденіп алғаны туралы көрсеткен болатынбыз. Салдарынан екі бірдей ауыл халқы төрт түлігін жаятын жер таппай қиналған. Осыдан кейін тексеру жүргізген құзырлы органдар бірқатар былықтың бетін ашты.

Бағдат НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Соттың шешімі шықты бүгінгі таңда, заңсыз деп танылды. Енді ары қарай екі ай соттың шешімі күшіне енгенше соның уақытын күтеміз. Бүгінгі таңда сол жаңағы айтылып отырған сүт фермасы біз қайтарған жер алқабының үстінде орналасқан. Құрылыс нысанына қатысты ескерту хатын бердік. Бүгінгі таңда құрылыс нысаны тоқтады. Енді ары қарай әкімдікпен жер қатынастары бөліміне тексеру жұмыстарын бастадық.

Кәсіпкерге заңсыз берілген 1100 гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды. Себебі Ақсу қаласының әкімдігі жеке кәсіпкерге ауылдық округке тиесілі жайылымдық жерді заңсыз берген. Ал кәсіпкер сүт фермасын салу үшін экологиялық сараптама жасамастан құрылысты бастап кетіпті. Тіпті ауыл тұрғындарымен қоғамдық тыңдау да өткізбеген.