«AMANAT» партиясы бақылау комиссияларының мүшелері өңірлердегі сауда орындарын аралады. Бағаны бағамдады. Қымбатшылықты қолдан істегендерге, құнды негізсіз өсіргендерге шара қолданылмақ.
«AMANAT» партиясының елордалық филиал қызметкерлері қалалық базарлардың біріне барды. Азық-түліктің кей түрлері 50%-ке дейін қымбаттаған. Мысалы, 4 сәуірде пияздың бір келісі 150 теңге болса, 2 аптадан кейін ол 350 теңгеге өскен. Партиялықтар оннан астам сауда нысандарын тексерді.
Сергей СОЛОДОВНИКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Сондай-ақ, май бағасында өсім бар. 4 сәуірде 72,5% май 1800 теңге болса, бүгін 4200. Бірақ бұл маусымдық қымбаттауға байланысты болуы мүмкін. Алайда ол қалтаға салмақ салады. Біз бағаны бақылауда ұстаймыз.
Батыс Қазақстан облысында да баға тұрақсыз. Қымбатшылық халықты қынжылтқанымен, сала мамандары мұны маусымдық сипат деп санайды. Өйткені көктемде жергілікті қор түгесіліп, басқа өңірлердің өнімі жеткізіледі. Сол кезде баға құбыла бастайды. Жауаптылар бұған жол бермеу үшін облыста көкөніс сақтайтын қоймаларды көптеп салу керек дейді.
Артур ДОСҚАЛИЕВ, «АҚЖАЙЫҚ» ӘКК АҚ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің облысымыз айына 5,5 мың тонна картоп тұтынады. Пияз 900 тонна көлемінде тұтынады ай сайын. Сәбіздің көлемі 1100 тонн және капуста 1300 тонна ай сайын тұтынады. Тұрақтандыру қорына осының кемінде 30 пайыздық деңгейі көлемінде сатып алынады.
«AMANAT» партиясының жанынан құрылған мониторинг тобы өңірдегі сауда орындарын он күн бойы аралап, әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің орташа бағасын анықтаған.
Қызылжарда да «AMANAT» партиясының өкілдері қаланың ірі сауда орындарын аралады. 19 түрлі тауарды бақылауға алған. Тексеріс нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы өзгеріссіз екіні белгілі болды.
Сәлімхан СӘБИТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Баға төмен болғанмен халық азық-түлікті төмен бағамен тез алады. Қазіргі күнде ажиотаж жоқ. Барлық тауарлар сауда орындарында тұр. Сұйық май, ұн, қант, тұз бағасы көтерілген жоқ. Біз 85тен астам дүкендерде аралап шыққанмен, бағалар сол қалпында әлі тұр.
Анна ГАВРИЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Әлеуметтік жұмыртқаны жиі алып отырамын. Оның бағасы 350 теңге. Ал басқасы қымбат тұрады. Жалпы, қаламен салыстырғанда ауылда азық-түлік қымбаттырақ. Құзырлы органдарға осы төңіректі зерттеген абзал.
Таразда 4 тауар түрінің бағасы көтерілген. Сары майға 47 теңге, макарон мен мен күрішке 5 теңге, айранға 6 теңге қосылыпты.
Керімқұл БЕГАЛИЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Жыл бойы бағаны тұрақтандыруып отыруға біз күшімізді салып зерделеп жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Егер өсіп жатқан жағдай болса, біз оны тиісті жерлерге айтып, басшылықтарын шақырып, бағаны тұрықтандыруға күш саламыз.
Сондай-ақ, партиялықтар жоғары баға анықталған жағдайда, азаматтар «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауларына жүгіне алатынын еске салады.
С. Оралбеков