$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Баласын беруден бас тартқан: Швейцария азаматы отандасымызды сотқа берді

AstanaTV
22.04.2023ж. 14:07
964
Баласын беруден бас тартқан: Швейцария азаматы отандасымызды сотқа берді

Швейцария азаматы баласынан беруден бас тартқан қазақстандық әйелін сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астана соты келісімдерге қарамастан баланы Швейцарияға әкесіне жіберуден бас тартқан қазақстандық әйеліне қатысты Швейцария азаматының шағымын қарады.

Белгілі болғандай, Швейцария азаматы болып табылатын бала 2020 жылдың мамыр айынан бері ата-анасымен бірге Астанада уақытша тұрып келген, сонымен қатар ем қабылдаған.

Баланың ата-анасы ажыраспағанына қарамастан, отбасындағы кикілжіңдер кезінде 2023 жылдан бастап баланың тұрғылықты жері Швейцария болатыны туралы келісімге келген. Алайда, баланың анасы бұл міндеттемесін орындамай, ұлын Швейцарияға қайтармаған.

Сот баланың әкесі баланың Швейцарияға оралуын талап еткенін, өйткені нәресте Швейцария мәдениетіне еніп кеткенін, тек неміс тілін білетінін және оның өз елінде тұрғаны оның амандығы үшін жақсы болатынын айтты.

Баланы емдейтін медициналық орталықтың қорытындысына сәйкес, диагностика мен емдеу әдісі Қазақстанда болуды қажет етпеген, емдеуді шетелде жалғастыруға болады.

"Анасы Д. баланы Қазақстан аумағында заңсыз ұстағандықтан, сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сот жауапкерді халықаралық шартқа сәйкес кәмелетке толмаған баланы Швейцарияға қайтаруды міндеттеді", - делінген хабарламада.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.