Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында табылған қар барысы хайуанаттар бағына тапсырылды

AstanaTV
22.04.2023ж. 23:50
1803
Алматы облысында табылған қар барысы хайуанаттар бағына тапсырылды

Алматы облысында ер адам мал бағып жүріп әлсіреген қар барысын кездестіріп, дереу құзырлы органдарға жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Алматы облысында тұрғындар қоршауға қамалған қар барысын видеоға түсірген. Оқиғаның Алматы облысы Нарынқол ауылында болғаны айтылған. Қызыл кітапқа енген жануарды неге қамап қойған? Өкінішке қарай, ол жағын анықтау мүмкін болмады",- делінген жазба астында.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті желідегі жарияланымға қатысты түсініктеме берді.

19 сәуір күні Алматы облысы Райымбек аудандық полициясының кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғыны мал жаю кезінде әлсіреген қар барысы (артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылған) кезіккені жайлы хабар түсті. Оқиға орнына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкері мен табиғат қорғау полициясы барып, тиісті акт толтырылды,- делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ комитет Қызыл кітапқа енген жануар 20 сәуір күні Алматы хайуанаттар бағына жеткізілгенін мәлімдеді.