Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматы тауларына блокбекеттер қойылды

AstanaTV
23.04.2023ж. 17:26
899
Алматы тауларына блокбекеттер қойылды

Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына орай қар көшкіні жүру қаупі бар. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомстваның ақпаратында «Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы», «Эдельвейс», «Бутаковка», «Қимасар», шатқалдарында блокпостар орнатылды»,- делінген.

Қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізіліп, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсірілген.