$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қуандық Шәкіржанов отбасынан бөлек тұрады

AstanaTV
24.04.2023ж. 14:35
3673
Қуандық Шәкіржанов отбасынан бөлек тұрады

Танымал актер Қуандық Шәкіржанов отбасылық өмірі туралы алғаш рет айтты. Өнер иесі жеке өмірінде қиындық болып жатқанын жасырмады. Ол "Алғашқы" бағдарламасында қонақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Актердің сөзінше, қазір ол әйелінен бөлек тұрады.

"Қызым бойжетті, ұлым ержетті, жұбайым Арай жақсы тәрбие берді. Гастрольде көп жүрдік. Ол кезде "Бауыржан шоу", "билет өтпей қалады" деген ой туындамайтын. Алматыда да көп емес, он-он бес күн әрі боламыз, тағы кетеміз. Өтірік айтпайын, он шақты жыл тоқтамадық. Сонда жартысы жолда, бес жылы Алматыда болған шығармыз. Отбасы болған соң әр отбасының ішкі сыры болады. Көп айтпайтынмын. Сіздер сұрап жатқаннан кейін, жасыратын ештеңе жоқ, қазір жанұядан жырақ гастрольде жүрмін. Мінезіміз келмей қалмағаннан ба, қызым, ұлыммен жиі араласамыз. Қосылмауымыз да мүмкін, осымен сериал аяқталуы да мүмкін", - деді ол.