$512.1 €583.64 ₽6.5
×

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының екі орынбасарын тағайындады

24.04.2023ж. 20:00
1654
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының екі орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының екі орынбасарын тағайындады. Президент өкімімен бұл қызметтерді Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк атқаратын болады.

Айта кетейік, Астанада 26-27-ші сәуір күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясы өтеді. Онда «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбы талқыланады.