$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Ғалым әйелдерге арналған тұңғыш энциклопедияның тұсауы кесілді

24.04.2023ж. 20:00
780
Ғалым әйелдерге арналған тұңғыш энциклопедияның тұсауы кесілді

Ғалым әйелдерге арналған тұңғыш энциклопедияның тұсауы кесілді. Кітапқа инемен құдық қазғандай еңбек етіп жүрген 84 нәзік жанды енген. Жүзден астам данасы шығарылып, кітапханаларға таратылды. Бұл тек бірінші томы. Алдағы уақытта екіншісі шығарылмақ. Жалпы жеті жүзден астам ғалым қатысуға өтініш білдірген.

Өрік ИМАНҒОЖИНА, ЭНЦИКЛОПЕДИЯНЫҢ БАС АВТОРЫ:

Біз барлық университеттерге жауап беруді және кандидаттарды ұсынуды сұрап хат жаздық. Содан кейін он бір адамнан тұратын комиссия үш жыл жұмыс істеді. Бұл бір күндік жұмыс емес. Үш жыл бойы біз бұл үміткерлерді жүздік шкала бойынша іріктеп келеміз. Оның ішінде 92 баллдан жоғары жинағандарды энциклопедияға енгіздік.