$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24.04.2023ж. 20:00
1183
Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушылардың қатысуымен сот істі «өте құпия» деген белгімен қарады. Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылған. Сот шешімімен аталған үш бап бойынша да кінәлі деп танылған Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның әскери шені және мемлекеттік наградалары қайтарылады. Мұнан бөлек, сотталушылардан мемлекет кірісіне 10 млрд теңгеден астам қаржы және 24 млн АҚШ доллары өндіріп алынды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.