Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Fly Dubai ұшағы Катмандудан ұшып шыққанда өртенді

AstanaTV
25.04.2023ж. 07:41
834
Fly Dubai ұшағы Катмандудан ұшып шыққанда өртенді

Непалдағы Катманду әуежайынан ұшып шыққан Fly Dubai ұшағы өртеніп кетті. Әлеуметтік желіде жанып жатқан тараптың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Fly Dubai ұшағы Катманду әуежайынан ұшып шыққан кезде өртеніп, әуежайға қонуға әрекеттеніп жатыр. Өрт сөндіру машиналары әуежайда", - деп жазды Ani агенттігі Twitter парақшасында. 

Алайда Flightradar қызметінің хабарлауынша, ұшақ соған қарамастан ұшуды жалғастыру туралы шешім қабылдаған. Мұны The Katmandu Post растады.

Кейін Непалдың азаматтық авиация басқармасы төтенше жағдай болмағанын, Fly Dubai ұшағы Дубайға кесте бойынша ұшатынын мәлімдеді.