Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Қазаққа тұрмысқа шығып, бақытты болмадым"

AstanaTV
25.04.2023ж. 09:58
808
"Қазаққа тұрмысқа шығып, бақытты болмадым"

Отандық дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова "Қыздар-ай" бағдарламасында жан сырын ақтарды. Өнер иесі бағдарлама барысында қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қатысты өз пікірін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.  

"Ұлтты ойламайтын қыздарға жүрегім ауырады. Мен де кезінде қазақ жігітке тұрмысқа шықтым. Бірақ, мен бақытты болмадым. Бірақ, мен халқымнан кеткен жоқпын. Ал кетіп жатқан қыз қаншама? Қыздар, негізі шетелдікке күйеуге шығыңдар. Бірақ, қазаққа дегім келеді. Әлемде шашырап жүрген қанша қазақтың жігіті бар. Сол жігіттерді неге елге әкелмеске? Басқа ұлтқа шыққанмен, бұл қиын мәселе. Әсіресе, ұлт мәселесіне келгенде. Біз өзі аз ғана қазақпыз. Қалай көбейеміз? Кең жерімізді қалай сақтаймыз? Енді қазақтың ару қыздары шетелдікке кетіп жатса, біз қалай көбейеміз? Ертең бұлардан туған баланың барлығы басқа ұлт болып жазылады, басқа ұлт болады. Мүмкін өз балаларын қазақ қылып тәрбиелер, бірақ одан кейінгі ұрпақ өз ұлтын табады. Жігіттер басқа ұлттан әкеле берсін. Ал қыздардың басқа ұлтқа шыққаны қауіпті. Ол басқа ұлттан туылғанымен, оның ұлты қазақ болады", - деді Сәуле Жанпейісова.