$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін салық салу туралы ұсынысқа Министрлік пікір білдірді

AstanaTV
25.04.2023ж. 13:20
1038
Шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін салық салу туралы ұсынысқа Министрлік пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін қыздарға салық салу туралы бастама көтерген еді.

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы бастамаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шенеуніктің айтуынша, ол мұндай ұсынысты білмейді. Алайда ұсыныс түссе қарастырылады.

"Ұмытпасам, кейбір елдерде бұл (шетелдіктермен некеге тұру салығы - еск.) тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сондықтан зерттейміз, мұндай ұсыныс түссе қарастырамыз. Бірақ бұл әлі талқыланбады", - деп жауап берді Жамаубаев.