Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Премьер-министр бағаның өсуіне байланысты әкімдіктерге ескерту жасады

AstanaTV
25.04.2023ж. 14:37
716
Премьер-министр бағаның өсуіне байланысты әкімдіктерге ескерту жасады

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиімсіз жұмысы үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Азық-түлік инфляциясының көрсеткіштері бірқатар әкімдіктің бұл жұмысты тиімсіз жүргізіп жатқанын көрсетеді. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның 0,1 пайызға өсуі байқалды, оның ішінде Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қызылорда бойынша - шамамен 0,2 пайыз", – деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов облыс әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына мониторингті күшейтуді тапсырып, оларда бағаны ұстап тұру үшін қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті.

"Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты әсерін сезініп, көруі керек", - деп қосты министрлер кабинетінің басшысы.