Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада ресейлік әртістердің концерті өтетіні туралы жалған ақпарат тарады

AstanaTV
25.04.2023ж. 16:30
670
Астанада ресейлік әртістердің концерті өтетіні туралы жалған ақпарат тарады

Астанада ресейлік әртістердің концерті өтетіні туралы жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Есіл өзені жағалауындағы қалалық амфитеатрды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан әлі ашылмаған. Сондықтан концерт өткізуге рұқсат жоқ.

"Есіл өзені жағалауындағы қалалық амфитеатрды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін мамырда ашу жоспарланып отыр. Демек мемлекеттік орган концертті өткізуге келісім берген жоқ. Сондықтан концертті өткізу жоспарда жоқ", - делінген әкімдік хабарламасында.