Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Түркияда оқ тиіп жараланған қазақ жігіті ауруханадан шықты

AstanaTV
25.04.2023ж. 23:15
852
Түркияда оқ тиіп жараланған қазақ жігіті ауруханадан шықты

Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігіті ауруханадан шықты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кішкентай бүлдіршінді емдету үшін Түркияға барған Қазақстан азаматына оқ тиген болатын. Ол барған ауруханада оқты денесінен алуға 18 мың АҚШ доллар сомасында есепшот қойған. Біздің диломаттардың араласуымен бұл операция тегін жасалды. Қазіргі кезде Қазақстан азаматы ауруханадан шықты», - деді ҚР СІІМ ресми өкілі А. Смадияров.  

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректер бойынша аталған азаматтың қызын емдеуге қаражат жиналып жатыр. Ол рак ауруына шалдыққан.

«Менің білуімше, 200 мың АҚШ долларына дейін қажет. Екі-үш күннің ішінде соның жартысының жартысы жиналып қалды», - деді ресми өкіл.