Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылжар өңірінде 3 ауданда бруцеллез ошағы анықталды

25.04.2023ж. 20:00
818
Қызылжар өңірінде 3 ауданда бруцеллез ошағы анықталды

Қызылжар өңірінде 3 ауданда бруцеллез ошағы анықталды. Әсіресе Айыртау мен Ақжар аудандарында қауіп жоғары. Соған байланысты бірқатар шектеу енгізілді. Індет ошағынан мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Аумаққа дезинфекция жасалды. Жыл басынан бері 58 ірі қарадан инфекция табылған.Сала мамандары бруцеллезге қарсы жаппай вакцина салынбайтынын айтады. Сондықтан дертті дер кезінде анықтап, оның таралуына жол бермеу керек, дейді.

Нариман ТАСБОЛАТОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Диагностикалық іс шаралар жылына екі рет өткізіледі. Жылына екі рет: көктем мен күзде. Бүгінде бруцеллезге қарсы іс шаралардың 70 пайызы орындалып отыр. Жыл басынан бері 58 малда бруцеллез оң нәтиже көрсетті. Ол мал санитарлы союға жіберілді.