$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Әкімдік біздің 250 млн теңгемізді өзге адамға аударып жіберді",- Түркістан қаласының тұрғыны

25.04.2023ж. 20:00
1345
"Әкімдік біздің 250 млн теңгемізді өзге адамға аударып жіберді",- Түркістан қаласының тұрғыны

Түркістан қаласының әкімдігі 3 жыл бұрын шаһар орталығындағы жеке меншік сауда орындары мен қонақ үйді "мемлекет игілігіне пайдаланылады" деп бұзып, жер телімін заңсыз өзге адамның атына тіркеген. Мемлекет тарапынан түсетін өндіру ақысы да сол кісіге берілген. Барынан айырылған тұрғынның шағымданбаған жері қалмапты. Түбінде сот шешімімен жерін қайтарған. Бірақ өтемақысын ала алмай отыр.

Нұрғали КӨПБОСЫНОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз мүлкімізді арестке қойып, сотқа әкімшілікті шақырдық. 1 айдың ішінде біздің 250 млн ақшамызды өздерінің ұйымдасқан қылмыстарына ақшамызды аударып жіберді. Біз қайтарғызып алдық бүкіл имуществомызды. Бірақ, үстінде тек жер ғана. Бүкіл мүлкімізді бұзып тастаған. Қазіргі таңда акимат соттың шешімін орындамай жатыр.

Жергілікті жауапты органдардан қайыр болмаған соң, кәсіпкер "AMANAT" партиясынан жәрдем сұрады. Халықтың аманатын арқалаған партиялықтар түйіткүлді мәселені тез арада шешуге көмектеспек.

Әлия САДЫРБАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Өңірдегі бұл оқиғаны естіп жағамызды ұстадық. Соттың шешімін орындамаған. Полиция Депортаменті де бұл іске селқос қараған. Біздің тараптан заңгерлік көмек көрсетіледі. "Құқықтық көмек" жобасының аясында бұл азаматтарға адвокаттар, нотариустер мен медиаторлар көмектеседі. Партияның ұйымдастыруымен өтетін мемлекеттік қызметкерлердің отырысында осы проблемаларды көтереміз. "Аманат" партиясың фракция депутаттары да бұл мәселенің жедел шешілуін қадағалайды.