$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Мұнайға тәуелділіктің соңғы деңгейінде елде не болады?»

AstanaTV
24.09.2016ж. 20:00
2131
«Мұнайға тәуелділіктің соңғы деңгейінде елде не болады?»

Слон.ру порталында «Мұнайға тәуелділіктің соңғы деңгейінде елде не болады?» деген материал шықты. Беделді ақпарат құралдарының мақалаларына сүйеніп жазылған.  Әңгіме әрине, Венесуэла туралы. Ондағы экономикалық дағдарыстың тереңдегені соншама, электр жарығы мен су, бірінші кезектегі тауарлар өте-мөте тапшы. Адамдар аш. Денсаулық сақтау жүйесі коллапста. Инфляция 500 пайызға жеткен. Халықаралық валюта қоры келесі жылы 1600 пайызға барады деп жоспарлайды. Венесуэладағы жағдайдың мүшкілдігі – экономиканың тірегі - мұнайдың өзі қазір АҚШ-тан тасылады,- деп жазған New York Times.

 Негізі Венесуэладағы мұнай қоры 300 млрд баррельді құрайды. Егер ағымдағы өндірісті ұстап тұрса, ол 3 ғасырға жетеді. Ел мұнай өндіру бойынша 12-орында, экспорты бойынша 8-орында. Алайда жыл басынан бері Венесуэла шикізатты АҚШ-н тасып отыр. Себебі Венесуэланың мұнайы ауыр және өндірісі қымбат. Сыртқа шығару үшін ауыр мұнайды жеңілдеу сорттармен араластыру керек. Бірақ дағдарысқа шырмалған Венесуэланың өнеркәсібі мұнайдың жеңіл сортын қажетті мөлшерде шығара алмай отыр. Сондықтан «қас жауы» АҚШ-н алуға мәжбүр.

New York Times мұнай құбырларының бірі бірнеше аптадан істемей тұрғанын жазған. Қондырғы сынып қалған, жаңасын орнататын ешкім жоқ. Ал ірі кеніш - El Furrial –да кезінде күніне 453 мың баррель мұнай өндірілсе, қазір жағдай өте нашар – тіпті скважинаға құятын бұрғылау сұйықтығы тапшы. Қондырғыларды қалпында ұстап тұрмағандықтан 2012 жылдан бері бірнеше рет мұнай ағып кеткенін жұмысшылар айтқан. Оған қоса өндіріс ошағын қарулы қарақшы топ шабуылдайтын болған. Кешкі алтыдан кейін жұмыс істеу өте қауіпті. Әйтсе де жұмысшылар қарақшылардан емес, аштықтан шаршаған. Тамақтың аздығы сондай, адамдар жұмыс барысында бір-біріне қарап жүреді – біреу есінен айырылып құласа, жылдам көмек көрсету үшін. Мұнайға тәуелді Венесуэладағы тіршілік осындай...