Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

AstanaTV
26.04.2023ж. 15:29
1007
«АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері «АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады

-Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азаматпен 44 жастағы азаматша анықталып ұсталды. Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды,-деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Файзуллин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.  Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабына «Адам өлтіру» сәйкес қылмыстық іс қозғалған.