Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып мерт қылды

AstanaTV
26.04.2023ж. 18:01
781
Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып мерт қылды

Ақмола облысында жұмысшы тоқ соғып мерт болды. Облытық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 сәуірде Зеренді ауданында болған.

«Аудандық ішкі істер бөліміне өңірдегі ауылдардың бірінде көкшетаулық 55 жастағы тұрғын электр тоғы соғып, оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Ер адам жергілікті қосалқы станцияда жұмыс істеген», - делінген ПД хабарамасында.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хаарламада.