$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстаннан Қытайға ірі көлемде бағалы тас алып өтпек болғандар ұсталды

AstanaTV
26.04.2023ж. 19:43
1297
Қазақстаннан Қытайға ірі көлемде бағалы тас алып өтпек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Қытайға ірі көлемде асыл тастар алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қорғас» ХШЫО» ашылуының алғашқы күнінде осы кеден бекетініде автокөлік тексеру түрінде кедендік бақылау жүргізу барысында ҚР азаматы басқарған автокөлік құралының багаж бөлімінен​ Қытайға Қазақстаннан жалпы салмағы 336 грамм болатын 9 дана​ болжам бойынша «кәріптас» тастарын​ әкету фактісінің​ заңсыз тасымалдау жолын кесті», - делінген агенттік хабарламасында.

Қазіргі уақытта контрабандалық тауар асыл тастарды жіктеу және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау және кінәлі адамға қатысты түпкілікті шешім шығару үшін Орталық кеден зертханасына сараптама жасауға жіберілді.

«Бағалы тастар екені расталса, кінәлі тұлға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, ал тауарлар тәркілену мүмкін. Расталмаса, жеке тұлғаға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, биылғы үш жылдық қызметін тоқтатқаннан кейін «Қорғас» ХШЫО» кеден бекеті 24 сәуірден бастап өз жұмысын қайта бастады.

«Осыған байланысты барлық азаматтар мен «Қорғас» ХШЫО» келушілерінен ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасын мүлтіксіз сақтауды сұраймыз», - дейді ведомство өкілдері.