$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Дәрігерлер салғырттығынан 3 жасар баламның екі бүйрегі істен шықты", - Сәтпаев қаласының тұрғыны

26.04.2023ж. 20:00
1180
"Дәрігерлер салғырттығынан 3 жасар баламның екі бүйрегі істен шықты", - Сәтпаев қаласының тұрғыны

Ұлытау облысы Сәтпаев қаласында тұратын 3 жасар Еркін Омардың кенеттен екі бүйрегі істемей қалды. Ата-анасы бұған дәрігерлердің салғырттығы себеп дейді. Тиісті маманның жоқтығынан дер кезінде көмек көрсетілмей, бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Әкесінің айтуынша, ол сәуірдің 21- і күні жедел жәрдеммен Сәтпаев қалалық инфекциялық ауруханасына түскен. Ауыр жағдайда жеткізілсе де, баладан анализ алып, зерттеу жүргізілмеген. Кезекші дәрігер ем тағайындап қайтарып жіберіпті. Келесі күні бала Жезқазғандағы облыстық көпбейінді ауруханаға тағы да жедел жәрдеммен барады. Ондағы кезекші хирург Сәтпаев қаласына кері қайтарған. Осылай екі ортада әрі бері сандалтқан. Бүлдіршін 3 күннен соң реанимацияға түсен. Сол кезде ғана диагноз қойылыпты.

Еркебұлан СӘДУАҚАСОВ, БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ:

Бала сол кезде екі бүйрегі отказ берген екен уже. Мен айтам оларға узи түсіріп бірдеңе баланы қарауға болмай ма, мына бала вялый боп уже сол кезде екі бүйрегі істемей тұр екен баланың.

Ата- анасының айтуынша, дәрігерлер нефрологтың жоқтығын жасырған. Дер кезінде емдемегендіктен бала көп қан жоғалтқан. Туыстары әлеуметтік желі арқылы шағымданған соң ғана Қарағандыдан санавиация келіпті. Ұлытауда тиісті маман болмағандықтан енді олар ұлын Елордаға санавиациямен жеткізіп, сонда ем алса деп сұрап отыр. Ал жұмысына салғырт қараған дәрігерлер жауапқа тартылса дейді. Бұған қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы тек жазбаша ақпарат берді.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы:

Еркін Омар облыстық көпбейінді аурухананың балалар реанимация бөліміне ауыстырылғаннан бастап, Астана және Қарағанды клиникалары мамандарымен консультациялар жасалып, ем- шаралар нақтыланып отырды. Балаға қан құйылды. КТ, УД зерттеулер жасалып, балада созылмалы бүйрек ауруы, бронхо- пневмания бар екені анықталды. Бүйрек функциясын қалпына келтіру үшін диализ арқылы ағза тазартылуда және антибиотиктер мен басқа да ағзаны қалпына келтіретін дәрілер берілуде.