Ақтөбеде «Центро финанс» қаржы пирамидасының басшысы алты жылға сотталды. Небәрі үш ай жұмыс істеген бұл ұйым екі жүзге жуық адамды сан соқтырған. Олардың жалпы шығыны -1 млрд теңгеге жуықтайды. Ең аз деген салым жүз мың теңгеден басталып, ең қомақтысы 12 миллион теңгеге жеткен. Қомақты табыс табуды уәде еткен қаржы ұйымы қымбат көліктерді сатып алып, сатумен айналысқан. Азаматтарды осылайша алдап-арбаған ұйымның басшысы бүкіл шығынды қайтарады. Ал кейбір автокөліктерге қатысты даулы мәселелер азаматтық сотта қаралады.
Динара ГИЛЬМАНОВА, №2 АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Томин Берік ҚР ҚК 217 бабы 3 тармағы 2 бөлігімен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол 7 жылға қаржылық ұйымдарға басшылық ету құқығынан айырылсын.