Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжардағы Тереңкөл көлінде бір центнерден астам балық қырылып қалды

26.04.2023ж. 20:00
992
Қызылжардағы Тереңкөл көлінде бір центнерден астам балық қырылып қалды

Қызылжар өңіріндегі Тереңкөл көлінде бір центнерден астам балық қырылып қалды. Жергілікті тұрғындар олардың су жағасында жатқанын көріп, құзырлы органдарға хабарласқан. Сала мамандары тексеріс жүргізіп, көлдің негізгі фаунасы тірі екенін анықтаған. Олар мөңкеден сынама алып, сараптамаға жіберді. Төтенше жағдайдың нақты себебі соның қорытындысы шыққан соң белгілі болмақ. Айта кетейік, аймақта шамамен 500 табиғи су қоймасы бар. Оның 25 пайызын жалға алушылар пайдаланып отыр.

Ильдар КӘКІМОВ, “ЕСІЛ” ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Оқиға орнына бірден жауапты орган өкілдерінен құрылған жұмыс тобы жетті. Балықтың қырылу себебі анықталады. Алдын-ала болжам бойынша су маржандары ауа жетпей тұншыққан. Өйткені көл өте таяз, тереңдігі 1.5 метр ғана. Ол қыста толықтай қатып қалған.