Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

AstanaTV
27.04.2023ж. 11:09
711
Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

Әлеуметтік желілерде, Telegram-арналарда Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Күдебаевты Ыстамбұлдан алып келді. Арнайы бортпен", - делінген Telegram-арналардың бірінде.
"Алматы облысы полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталуы мүмкін екені хабарланып жатыр", - делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді. 

Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды. 

Кейінірек ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатқаны белгілі болды. Ал БАҚ-та "генерал Солтүстік Кипрде жүр" деген ақпарат та тараған еді.