Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Айгүл Иманбаева шетелге барып, балалы болғысы келеді

AstanaTV
27.04.2023ж. 14:52
1068
Айгүл Иманбаева шетелге барып, балалы болғысы келеді

Актриса Айгүл Иманбаева Лондонға барып, елге балалы болып қайтатынын жеткізді. Ол бұл туралы "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Тағдыр тәлкегіне қарамастан Тамара Асардың да сәби сүйгенін жеткізген әнші өзінің Лондоннан балалы болып қайтатынын жеткізді.

"Енді шетелге тұрмысқа шығуға бара жатырмын. Бұйырса балалы болып қайтамын. Алдымнан не күтіп тұрғанын білмеймін бірақ ниетім бар", - дейді әнші.

Айгүл Иманбаева жанын түсінетін жұбын кездестіргенін, енді сол жүрегінің жартысымен өмір сүретінін жеткізді.

"Секеңдеп те, қызыл-жасылды қуалап та болдық. Енді сенің гармонияңмен үйлесетін, сені түсінетін жанмен тыныштықта, яғни жүрегіңнің тыныштығында сол өміріңді өткізу. Оқуыма барып, сол жақтан сәби сүйіп, елге балалы болып келу ниетім бар", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева шетелге оқу грантын ұтып алғанын және ол жаққа "сүйіктісімен" баратынын айтқан еді.