$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Әлемдегі ең қымбат ойыншы Мбаппе Реал Мадридке ауыспақ

AstanaTV
27.04.2023ж. 15:19
792
Әлемдегі ең қымбат ойыншы Мбаппе Реал Мадридке ауыспақ

Әлемдегі ең қымбат ойыншы Килиан Мбаппе жаңа клуб туралы шешім қабылдады. 24 жастағы француз Реал Мадридке ауысқысы келеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Мбаппе өткен жылы ПСЖ-мен келісімшарты біткен кезде испандық клубқа ауысуды жоспарлаған болатын. Алайда шабуылшы соңғы сәтте ойынан шығып, париждіктермен келісімді ұзарту туралы шешім қабылдады.

2022 жылдың күзінде Мбаппе тағы да ойын өзгертіп, Реал Мадридке ауысуды шешті деген ақпарат пайда болды. Мбаппе "Реалға" ауысқысы келетінін айтқан. Спортшы 2024 жылы ПСЖ-дан кете алады.

Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Француз ойыншысы Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат ойыншы. Оның нарықтық құны 180 миллион еуроға бағаланады.