Түркияда ұсталған Серік Күдебаев Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Шекара қызметі Күдербаевтың елден шығып кеткенін 27 наурызда білді. 3 сәуірде күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратура қашып кету фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғады.